БастыСаясатЭкономика

Әзербайжан мен Қазақстан тікелей әуе қатынастарын кеңейтуді көздейді

Әзербайжан мен Қазақстан екі ел арасындағы тікелей әуе қатынастарын кеңейту мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлады.

Мәселе Бакуде өткен Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 21-отырысында талқыланды.

Тараптар өзара сауданың тұрақты өсімін атап өтіп, сауда бағыттарын әртараптандыру, инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, бірлескен индустриялық жобаларды қолдау және ортақ инвестициялық қор құру бастамасын ілгерілету жөнінде уағдаласты.

Комиссия отырысына екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдері қатысты. Отырысты Әзербайжанның Энергетика министрі Парвиз Шахбазов пен Қазақстанның Көлік министрі Нұрлан Сауанбаев тең төрағалық етті.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар сауда, инвестиция, көлік және логистика, энергетика, цифрлық трансформация, экология, мәдениет және жастар саясаты сияқты 17 бағытты қамтитын ынтымақтастық туралы кеңейтілген хаттамаға қол қойды.

TuraNews

Back to top button