Саясат

Ел болашағы: цифрландыру және жаңа мүмкіндіктер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы – Қазақ елінің келесі бес-он жылға арналған стратегиялық бағытын айқындайтын аса маңызды құжаты болды. Мемлекет басшысы цифрландыру, жасанды интеллект, әлеуметтік әділдік, экономикалық құрылымдық өзгеріс, секілді өзекті мәселелерді басты назарға алып отыр.

Жолдауда көтерілген бастамалар – жаңа технологияны енгізу, мемлекеттік басқаруды модернизациялау-елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тұрғысынан құптарлық. Егер бұлжоспарлар шынайы орындалса, ауыл- аймақтардағы өмірдің сапасы жақсарып, жастармен кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашылары сөзсіз Ең бастысы – Жолдауда айтылған міндеттер мен жоспарлар халықтың күнделікті өміріне әсер ететін нақты бастамаларға айналуы қажет.

Сонымен қатар, қоғамның әсіресе жастардың, ауыл тұрғындарының сын пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, іске қосылатын реформаларда ескерілсе, бұл Жолдау мемлекеттің дамуына жаңа серпін бере алады деген сенімдемін.

Гульдана АХМЕТОВА,
Қаракеңгір ауылдық округі әкімі аппаратын

TuraNews

Back to top button