Қоғам

500 бірегей шапан: Жаңаарқалықтар жаңа рекорд орнатты

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында Қазақстанда алғаш рет бір ауданның тігіншілері өңірге тән ұлттық нақыштағы 500 шапан тігіп, Қазақстан рекордтар кітабына енді.

Ерекше жобаға 17 тігінші қатысып, әрқайсысы орта есеппен 33 шапаннан тіккен. Шапандар өңірдің тарихи, мәдени ерекшеліктерін қамтитын бірегей үлгіде дайындалған.

TuraNews

Back to top button