Экономика
Қытай компаниялары Өзбекстанның пайдалы қазбалар саласына инвестиция салуға дайын
Өзбекстанның Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінде Қытай Халық Республикасының ірі өнеркәсіптік компанияларының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге Қытайдың Jinchuan Group, Baide Chemical және Shandong Junan Ecological Agriculture Technology компанияларының өкілдері қатысты. Тараптар Сұрхандария облысында пайдалы қазбаларды өндіру және терең өңдеу саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін, сондай-ақ заманауи технологияларды енгізу және тиісті инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инвестицияларды тарту мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысында тараптар әлеуетті жобалық аумақтарға бару және бірлескен “жол картасын” әзірлеу туралы келісімге келді.
Jinchuan Group Қытайдағы ең ірі ұлттық кәсіпорындардың бірі болып табылады және түсті және сирек кездесетін металдарды өндіру мен өңдеуге маманданған. Компания никель өндірісі бойынша әлемде үшінші, ал кобальт бойынша төртінші орында.