
Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық инвестициялық агенттіктің хабарлауынша, 8 қазанда агенттік директорының орынбасары Дамир Бикулов құрылыс алаңында болып, жобаның барысымен танысты және келесі кезеңдерді талқылады. Тараптар ынтымақтастық деңгейінің жоғары екенін атап өтіп, нысанды белгіленген мерзімде аяқтауға ниетті екенін растады.
Қонақүй 17,2 гектар аумақта салынып жатыр. Жалпы ауданы 29 900 шаршы метр болатын жеті қабатты нысанда 120-дан астам бөлме, бассейн, хаммам, барлар, аквапарк, боулинг және халықаралық стандарттарға сай футбол алаңы қарастырылған.
Жоба аясында жергілікті мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінуде – қызметкерлер Әзербайжанда халықаралық стандарт бойынша оқытылады. Құрылыстың өзінде шамамен 200 адам жұмысқа тартылған.
Құрылысты аяқтау және нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған. Ашылғаннан кейін қонақүй Ыстықкөл аймағындағы ең ірі туристік нысандардың біріне айналып, өңірдің туризм саласы мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға үлес қоспақ.