БастыТуризм

Астанада Kazakhstan Travel Forum форумы басталды

Форум туризм индустриясының барлық негізгі ойыншыларын бір алаңға жинап, саланы дамытудың жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік беруде.

Бүгін Астана қаласындағы «Конгресс-орталығында» еліміздің туристік саласы үшін айрықша маңызға ие іс-шара – «Kazakhstan Travel Forum: Саяхат 2025» форумы басталды, деп хабарлайды TuraNews.kz.

​Форумға Қазақстанның жетекші туроператорлары мен туристік агенттіктері, әуе компаниялары мен әуежайлардың өкілдері, мемлекеттік органдар, халықаралық серіктестер, цифрландыру саласының мамандары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып жатыр.

​​Іс-шараны Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен, «Turistik Kamkor» корпоративтік қоры – ҚР азаматтарының шетелге шығу туризмі саласындағы құқықтарын кепілдендіру жүйесінің әкімшісі – ұйымдастырып жатыр.

Форумның басты мақсаты — туризм индустриясының негізгі қатысушыларын біріктіріп, нарықтың өзекті мәселелерін талқылау арқылы саланы дамыту бойынша ортақ стратегия қалыптастыру.

«Kazakhstan Travel Forum: Саяхат 2025» алаңында туризм нарығының өзекті бағыттарына қатысты маңызды тақырыптар қарастырылып жатыр. Олардың қатарында:

  • ​инновациялық шешімдерді енгізу;
  • ​халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  • ​саланың дамуына кедергі келтіретін жүйелік мәселелерді шешу жолдары бар.

​Форум қатысушыларға тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестік мүмкіндіктерін талқылауға және туризм саласындағы сарапшылармен тікелей байланыс орнатуға тамаша мүмкіндік беруде.

TuraNews

Back to top button