Саясат

Жолдауы жастар үшін жаңа серпін берді

Жастардың білім алуына, еңбекке араласуына, кәсіп бастауына және әлеуметтік тұрғыда қорғалуына баса назар аударылды.

Президент Жолдауындағы жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер

Жолдаудағы негізгі бағыттар:

• Цифрландыру және инновация – IT, жасанды интеллект, стартаптарды қолдау. Бұл жастардың жаңа технологияны меңгеріп, заманауи маман болуына мүмкіндік береді.
• Сапалы білім – техникалық және кәсіби мамандықтарға басымдық беріліп, жоғары оқу орындары мен колледждер еңбек нарығына қажет кадрлар даярлауға бағытталады.
• Жастар кәсіпкерлігі – гранттар, жеңілдетілген несиелер, бизнес-жобаларға қолдау. Бұл өз ісін ашуға ынталыларға үлкен мүмкіндік.
• Аймақтық даму – өңірлерде жаңа жұмыс орындары ашылады, жастардың ауылда қалып, өз жерін дамытуына жағдай жасалады.
• Әлеуметтік қолдау – жастарға арналған тұрғын үй, жатақхана, әлеуметтік жәрдемақыларды жетілдіру қарастырылған.

Жолдаудағы бастамалар жастардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған.

Мемлекет мүмкіндік беріп отыр, ендігі міндет – жастардың сол мүмкіндікті тиімді пайдаланып, ел дамуына үлес қосуы.

Мадина ОРАЗХАН,
Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы

TuraNews

Back to top button