
Чемпионатқа Түркі мемлекеттерінен келген жас мамандар, сарапшылар және техникалық және кәсіптік білім саласының өкілдері қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараның басты мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде үздік тәжірибені тарату, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және жастардың кәсіби әлеуетін арттыру.
Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан делегация құрамында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі Мелдебекова М.Т., Маңғыстау облысының әкімі, Қилыбай Н.И., Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялағаны — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңі. TurkicSkills чемпионаты — осы жылдың басты оқиғаларының бірі. Бұл алаң жастардың кәсіби шеберлігін көрсетіп қана қоймай, түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты, тәжірибе мен инновация алмасуды тереңдетеді», — деді ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова.
Чемпионатқа 60-тен астам жас маман мен 80 сарапшы қатысуда. Олар IT бағыт, инженерия, өндірістік технологиялар және қызмет көрсету салалары бойынша сайысқа түседі.
TurkicSkills чемпионаты 9 қазанға дейін жалғасады, ал жеңімпаздар түркі елдерінің кәсіби шеберлері арасындағы үздіктер қатарынан көрінбек.
Айта кетейік, TurkicSkills — түркі мемлекеттері арасындағы кәсіби шеберлік бойынша алғашқы халықаралық чемпионат. Жоба техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға, инновация мен жастардың кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған.