Түркістан: Арыста «Таза жағалау» акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

Арыс қаласында «Таза жағалау» акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Шара экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаға жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Сенбілікке мемлекеттік қызметкерлер, коммуналдық сала мамандары, белсенді жастар, түрлі ұйымдардың өкілдері және еріктілер атсалысты.
Бұл жолғы сенбілік аудандағы Теміржолшы елді мекеніндегі өзен жағасында өткізілді. Қатысушылар табиғи аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалап, жағалау бойындағы қоқыстарды жинады. Сонымен қатар, өзен маңындағы арамшөптер оталып, айнала барынша тазартылды.
Акция өзен-көлдер мен су айдындарының жағалауларын қоқыстан арылтып, экологиялық мәдениетті нығайту және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттыру мақсатында қолға алынған. Сонымен бірге, бұл бастама қоғамның назарын қоршаған ортаны қорғауға аударып, табиғатқа жанашырлықты қалыптастыруға ықпал етеді.