
Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастармен қатар, инвестициялық мүмкіндіктер мен бірлескен жобалар талқыланды.
«Шығыс Қазақстан – ел бойынша өнеркәсібі дамыған өлке. Табиғи ресурстарға бай облысымызда Қазақстанның түсті металлургиясының басым бөлігі шоғырланған. Глубокое ауданында түркиялық «Mimsan Industry Boilers» компаниясы қуаттылығы 30 Гкал/сағ қазандық салу жобасын іске асырып жатыр. Өңірге өңдеу, тау-кен өндіру, химия және тоқыма өнеркәсіптеріне инвестиция құюға мүмкіндік мол. Құрылыс материалдарын өндіру, ағаш өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы саласының да әлеуеті зор», — деді Нұрымбет Сақтағанов.
Мустафа Капуджу өз сөзінде Қазақстан мен Түркия арасындағы байланысты одан сайын күшейтуге ниетті екендіктерін айтып, инвестициялық форум жұмысына сәттілік тіледі.