
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды»,- делінген ақпаратта.
Жұлдыз Сүлейменова — 1983 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Білімі:
- 2000-2004 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) Тарих факультеті, «Тарих» мамандығы бойынша бакалавриат;
- 2006-2008 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, «Мәдениеттану» мамандығы бойынша докторантура;
- 2008-2011 жж. ҚазҰУ докторантурасын «Философия және саясаттану» мамандығы бойынша бітірді. 2012 жылы «Мәдениеттану» мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды.
Еңбек өтілімі:
- 2000-2004 жылдары — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік өзіндік басқарма төрағасы болды.
- 2004-2006 жылдары — Алматы Экономика және статистика академиясының Ақтөбе институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы болды.
- 2006-2007 жылдары — «Отан» Республикалық саяси партиясы филиалының Ақтөбе облысы бойынша жастар ісі жөніндегі кеңесшісі, «Жас Отан» Жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының орынбасары болды.
- 2007-2008 жылдары — Ы. Алтынсарин №159 көпсалалы гимназиясының тарих және құқық пәнінің мұғалімі (Алматы) болды.
- 2010-2011 жылдары — Қазақ ұлттық аграрлық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректорының орынбасары, жастар әкімшілігінің төрағасы болды.
- 2011 ж. — Халықаралық бизнес академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы болды.
- 2011-2012 жылдары — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бас ғылыми хатшысы болды.
- 2012-2014 жылдары — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру саясаты және бағдарламалар департаментінің аға менеджері болды.
- 2014-2017 жылдары — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Білім беру саясаты және бағдарламалар департаменті директорының орынбасары болды.
- 2017-2019 жылдары — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Даму департаментінің директоры болды.
- 2019-2021 жылдары — Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» директоры болды.
- 2021 жылдың 15 қаңтарынан 2023 жылдың 19 қаңтарына дейін — «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VII сайланым депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі. 2022 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Президентінің қарамағындағы Ұлттық Құрылтайға мүше болды.
- 2023 жылдың 29 наурызынан бастап — «Аманат» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты болды.