ӘлемБастыТуризм

Жыл басынан бері 1,5 млн қазақстандық Өзбекстанға саяхаттап барған

Биыл қаңтар-шілде айлары аралығында Өзбекстанға 1,5 млн қазақстандық саяхаттап келді.

Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, биыл Қазақстаннан келген туристердің саны 39,3%-ға артты. Былтыр сәйкес кезеңде біздің елімізден 900 мыңнан астам саяхатшы келген еді.

Жалпы, биылғы жеті айдың ішінде 6,3 млн шетелдік демалысын Өзбекстанда өткізді. Оның ішінде Қырғызстан (1,8 млн) және Тәжікстан (1,4 млн) азаматтарының үлесі басым.

Комитеттің мәліметінше, саяхатшылардың көбі Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалаларының көрікті жерлерін аралаған.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button