Саясат

Ұлытау облысы әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен кеңес өтіп, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға жеңілдетілген несие беру бағдарламасының жүзеге асырылуы қаралды.

Атап айтқанда, жиында ауылшаруашылығындағы жобаларды жүзеге асыруда туындаған мәселелер талқыланды. Облыс әкімі бұл ретте аймақ үшін стратегиялық маңызы бар кейбір бастамаларды жүзеге асыруда олқылықтардың орын алуына тәуекелдер болғанын атап өтті.

Өңір басшысының айтуынша, кей жағдайларда қаржы беріліп, бірақ кәсіпкерлер тарапынан міндеттемелер тиісті деңгейде орындалмаған. Облыс әкімі қаражатты игеруде мерзімдердің сақталуын назарда ұстауды, шарт талаптарын ұстану қажеттігін қатаң ескертті.

Осыған байланысты облыс әкімі «Ұлытау» ӘКК-на 10 қазанға дейін шартты бұзған жобалар бойынша қаражатты қайта бөлу жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырды.

Жиын соңында өңір басшысы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін жеңілдетілген несиелеу бағдарламасының үлкен мүмкіндік беретінін атап өтіп, жауапты тұлғаларға жобалардың тиімді әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.

TuraNews

Back to top button