Саясат

Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру мемлекеттік қызметі

«Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама» бұл азаматтың қылмыстық жауапкершілікке тартылған тартылмағанын, өтелмеген немесе алынбаған соттылығының бар немесе жоғын, сондай ақ қылмыстық қудалауға қатысты мәліметтерді растайтын ресми құжат.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдарымен «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» туралы мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

Сотылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру мемлекеттік қызмет көрсету түріне жатады және оны алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталығынан немесе e.gov.kz Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға электрондық нысанда, шет елге шығу үшін – қағаз нысанында көрсетіледі.

 Портал арқылы «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметті алу үшін электрондық өтінім берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы қағаз нысанында «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін порталда шетел мемлекетінің («бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну елі) атауын және Мемлекеттік корпорация филиалын қосымша таңдайды.

«Бір өтініш» қағидаты бойынша қызметті көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні, оның ішінде:

— соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама дайындау – 5 жұмыс күні;

— соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтамаға апостиль қою – 5 жұмыс күні.

МУХАММЕДАЛИ СЕЙДАЗИМ,

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты  қалыптастыру бөлімінің прокуроры

 

 

 

TuraNews

Back to top button