Өскеменде Дүниежүзілік тазалық күні өтті
Өскемен қаласында ауқымды экологиялық акция – World Cleanup Day («Дүниежүзілік тазалық күні») ұйымдастырылды.
Қатысушылар мектептердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың бекітілген аумақтарын тазалады. Эковолонтерлер мен мемлекеттік құрылымдардың негізгі аймағы Шмелев Лог аумағы болды.
Еске сала кетейік, экологиялық бастама Глубокое ауданын да қамтып, КММ «Мало-Уба орман шаруашылығының» аумағында 113 мың сібір шыршасының көшеті отырғызылды.
Жалпы облыс бойынша өткен акцияларға шамамен 1000 адам қатысты: мемлекеттік органдар мен кәсіпорын қызметкерлері, оқушылар, студенттер, ҮЕҰ өкілдері, еріктілер және белсенді қала тұрғындары.
Акция «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ШҚО әкімдігінің, Өскемен қаласы әкімдігінің, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, ШҚО Экология департаментінің және қоғамдық экологиялық қозғалыстардың қолдауымен өтті.
Айта кетейік, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі шара қорытындысын Қазақстан рекордтар кітабы – «ҚАЭА»-ға енгізуге өтінім берді.
Дүниежүзілік тазалық күні жыл сайын 190-нан астам елді біріктіреді, ал Қазақстан бұл бастаманы дәстүрлі түрде белсенді қолдап келеді.