«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық іс-шаралар өтті
Бүгін Ұлытау облысында ұлттық экологиялық бастама – «Таза Қазақстан» акциясы аясында жаппай сенбіліктер ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға шақыру, экологиялық мәдениетті арттыру және туған өлкеге қамқорлық жасауды дәстүрге айналдыру.
Жезқазған қаласында «Таза қала» акциясы жастар, еріктілер мен қала тұрғындарының қатысуымен Алашахан даңғылы бойында ұйымдастырылып, орталық көшелері тазаланды.
Сәтбаев қаласында тұрғындар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үндейтін парақшалар таратылды.
Қаражал қаласында депутаттар мен жастар ұйымдары саябақтарды тазалап, көгалдандыруға үлес қосты.
Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында орталық саябақтарда және көшелерде сенбіліктер ұйымдастырылып, көпшілік қауым тазалық шарасына белсене қатысты.
Сонымен қатар, акция аясында «Таза қала», «Таза аула», «Таза көше» бағыттары бойынша жұмыстар атқарылды. Тұрғындар өз еркімен қатысып, қоғамдық орындарды абаттандыруға атсалысты.
Акцияға мемлекеттік органдар өкілдерімен қатар, блогерлер, қоғамдық ұйым мүшелері, жастар және еріктілер қатысты.
2025 жылдың басынан бері Ұлытау облысында 8 облыстық және 12 қалалық сенбілік өткізілді. Бұған қоса, апта сайын қала мен аудандарда «Таза бейсенбі» акциясы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
«Таза Қазақстан» акциясы – бұл тек қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, экологиялық сана қалыптастыруға бағытталған экологиялық бастама ғана емес, сонымен қатар рухани тазалықтың, адалдық пен отансүйгіштіктің идеологиясы.