Экономика

Көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы қайта қаралады — министр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Президенттің әлеуметтік төлемдерді бірізділендіру жөніндегі тапсырмасына қатысты пікір білдірді.

Министрдің мәлімдеуінше, аталған мәселе Үкімет отырысында қаралып, мақұлданады. 

—  Айталық, Астанада алты баласы бар көпбалалы отбасы 2,7 млн теңге алады, ал басқа өңірлерде 273 мың теңге. Бұл тоқсан сайын төленетін сома. Қазір осы шара әлеуметтік әділеттілік қағидатын қамтамасыз ету үшін қайта қаралады. Тапсырманы енді ғана алдық.

Қазір министрлік экономикалық блоксыз, жалғыз өзі шешім қабылдай алмайды. Ол Астана деңгейіне теңестіріле ме, әлде ең төменгі көрсеткішпен төлеп отырған өңірге сәйкестендіріле ме, немесе орташа көрсеткіш алына ма, бұл жағы әлі анықталған жоқ, — деді Светлана Жақыпова Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Бұған дейін Еңбек министрі кейбір көпбалалы отбасы қосымша мемлекеттік қолдаудан қағылатынын мәлімдеген еді.

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button