Кеден бекеттеріндегі камералар Астанадағы мониторинг орталығына тікелей қосылады
Шекарадағы өткізу пункттеріндегі бақылау камералары Астанадағы Бірыңғай мониторинг орталығына тікелей қосылады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты.

— Шекара және кеден бекеттерінде интернетке қол жеткізуге қатысты, бүгінде елімізде 102 өткізу пункті жұмыс істейді. Олардың көпшілігі байланыспен қамтамасыз етілген. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының шеңберінде 38-іне талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу, барлық пункттерді Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік желісіне қосу, сондай ақ бақылау камераларын пункттерден Астанадағы Бірыңғай мониторинг орталығына шығаруды қамтамасыз ету жоспарланып отыр, — деді ол Үкімет отырысында жасаған баяндамасында.
Сондай-ақ ол 50 өткізу пунктін ұялы байланыспен қамтамасыз етілетінін айтты.
— Сонымен қатар, спутниктік интернетті қоса алғанда, қоғамдық WiFi нүктелерін орналастыру жоспарланып отыр. Ал 2026 жылы 50 өткізу пунктін ұялы байланыспен қамтамасыз ету шекарадағы цифрлық инфрақұрылымды айтарлықтай күшейтеді, — деді министр.
Айта кетейік, күні кеше Мемлекет басшысы Жолауда кейбір шекара және кеден бекетінде сапалы интернет жоғын айтып, бұл саланы сынға алған еді.