БастыЭкономика

Криптоиндустрияны дамыту үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Мемлекет басшысының криптоиндустрияны дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

— Негізгі бағыттардың бірі заңнамалық бастамаларды іске асыру болып табылады, онда криптоиндустрияны либерализациялау және цифрлық майнинг индустриясына инвестициялар тарту бойынша түзетулер әзірленді, — деді ол Үкімет отырысында жасаған баяндамасында.

Оның айтуынша, түзетулер мыналарды:

— ҚР аумағында шығарылым мен айналымды заңдастыру;

— ҚР аумағында криптоайырбастаудың лицензиялануын енгізу;

— АХҚО-да майнерлер өндірген цифрлық активтерді сату туралы міндеттемені алып тастау;

— сондай-ақ электр станцияларын жаңғырту бойынша «70/30 бағдарламасы» жобасын іске асыруды қамтиды.

— Қазақстанда криптоиндустрияны дамытуға бағытталған бірқатар бастама іске асырылып жатыр. Негізгі жобалардың ішінде CryptoCity, мемлекеттік майнинг, криптофонд; ұлттық валютадағы стейблкоин, нақты активтерді токендеу бар, — деді министр.

Айта кетейік, күні кеше Мемлекет басшысы Жолауда қазіргі заманның талабын ескере отырып, криптоактивтерге баса назар аударуды тапсырған еді.

 

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button