Туризм

Еуропалық зерттеу: Түркия қыркүйектегі басты демалыс бағытына айналды

Еуропада жазғы демалысты күзге дейін ұзарту үрдісі жылдан-жылға күшейіп келеді.

Еуропалық туристік комиссияның (ETC) соңғы есебіне сәйкес, биыл маусым мен қараша аралығында еуропалықтардың 77%-ы саяхаттауды жоспарлап отыр, ал олардың 22%-ы қыркүйек айын таңдаған. Жұмсақ климаты мен ұзаққа созылатын жазы арқасында ең танымал бағыттардың бірі – Жерорта теңізі аймағы. Осы тұрғыда Түркияның Эгей мен Жерорта теңізіндегі жағалаулары ерекше тартымдылығымен көзге түсуде. Мұнда күн сәулесі қарашаның соңына дейін сақталады, сондықтан туристерге тыныш әрі қолжетімді демалыс ұсынады.

Урла, Измир

Эгейдің жылы демалысы – Измир мен Мугла

Эгейдің айнасы саналатын Измир қыркүйекте де жылы шырайымен қарсы алады. Шағын жағалау қалашықтары, әсіресе Чешме түбегі – Чешме, Урла және Алачаты – демалушыларды ерекше атмосферасымен баурайды. Чешме – құмды жағажайлары және дәмді Эгей тағамдары бар мейрамханаларымен танымал.

Урла – шарап маршруттары мен фермерлік ас үйлерімен гастрономиялық орталыққа айналған, тіпті кейбірі MICHELIN жұлдызына ие болған.

Мугла, Фетхие
Мугла, Фетхие
Өлудениз, Фетхие

Мугла – Бодрумнан Мармариске дейінгі алтын жағажайларымен, көгілдір шығанақтарымен және әртүрлі демалыс түрлерімен әйгілі. Бодрум сән-салтанат іздеушілерге арналған орталық болса, Мармаристегі Ічмелер, Даляндағы Изтузу (Каретта каретта тасбақаларының мекені) мен Датчадағы Паламутбүкү табиғат сүйгіштерді тартады. Ал Фетхиедегі Өлідениз көгілдір лагунасы мен Бабадағ тауының парапланеризмі әлемге әйгілі.,

Сиде, Анталия
Сиде, Анталия

Анталиядағы бітпес жаз

Жылына 300 шуақты күні бар Анталия – Түркия Ривьерасының інжу-маржаны. Қала 233 Көк Ту жалауы бар жағажайымен әлем бойынша көш бастап тұр. Патара, Коньяалты, Лара, Олимпос жағажайлары демалушылар арасында кеңінен танымал. Ал әлемдегі ең әдемі жағажайлардың бірі саналатын Капуташ табиғи көрінісімен ерекше. Тыныштық іздегендер үшін Сазак шығанағы немесе Порто Дженевиз сияқты жасырын қойнаулар бар.

Анталия – тек теңіз ғана емес, сонымен қатар тарих қойнауы. Перге, Аспендос, Сиде сияқты көне қалалар ежелгі өркениеттердің үнін жеткізсе, Жерорта тағамдары – жаңа теңіз өнімдері мен жергілікті жүзімнен жасалған ақ шарап – шынайы ривьера тәжірибесін толықтырады.

Кемер, Анталия
Анталия, Каш

TuraNews

Back to top button