
Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Оразгелді Нұрмаханұлы баяндады.
«Облыс бойынша арнайы белгіленген орындарда 16 жағажай ресми түрде ашылды. Сондай-ақ, арнайы және ресми шомылуға арналған орындары жоқ елді мекендерде 233 модульді 2 каркасты бассейндер орнатылды. Сонымен қатар, азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстағы БАҚ өкілдерімен бірігіп 673 шара ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, телеарнада – 45, әлеуметтік желіде – 108, газет-журналда– 284 мақала жарияланды. Жыл басынан 2525 рет рейд жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде судағы қауіпсіздік қағидаларын бұзған 151 жеке тұлғаға – 2 078 062 теңге, 3 заңды тұлғаға және 3 кәсіпкерге – 235 920 теңге айыппұл салынды»- деді спикер.