БастыСпорт

Тарихи жеңіс: «Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты

"Қайрат" пенальти сериясында "Селтикті" ұтты.

Алматыда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің қарымта матчында «Қайрат» футбол клубы шотландиялық «Селтикті» пенальти сериясында 3-2 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті.

Ойынның негізгі уақыты тең есеппен аяқталды. Одан кейін италиялық төреші Маурицио Марани жеңімпазды анықтау үшін қосымша 30 минут қосты.

Экстра-таймда шотландтар жеңіске жақын болды, алайда Қазақстан чемпионы қарсыластың жойқын шабуылдарына төтеп берді. Жекпе-жектің тағдыры пенальти сериясында шешілді, бұл жолы «Қайратқа» сәттілік серік болды.

 

Via
Informburo.kz

TuraNews

Back to top button