Жезқазған қаласында жер асты контейнерлерін орнату жұмыстары жалғасуда

2024 жылы – Жезқазған қаласында 40 контейнер алаңында жер асты контейнерлерін орнату жоспарланған болатын. Бұл жоба қала тұрғындарының қалдықтарды жинау жүйесін жетілдіруге және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.
2024 жылы қалада 22 жер асты контейнері орнатылды. Ал 2025 жылы тағы 18 контейнер орнату жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар қалада тұрмыстық қалдықтарды жинау мен сұрыптау ісін оңтайландырып, қала экологиясына елеулі оң өзгерістер әкелуге мүмкіндік береді.
Жобаның жалпы қаржыландыру сомасы 85,9 миллион теңге болып табылады, оның 100%-ы жергілікті (қалалық) бюджеттен бөлінген. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін «Даму Ниет 2016 МБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасалды. Келісімшарттың жалпы сомасы 60,1 миллион теңге.
Жер асты контейнерлерін орнату жұмыстары Жезқазған қаласының тазалығы мен экологиялық ахуалын жақсартуға, қалдықтарды тиімді түрде жинауға және қаланың тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мәдениетін көтеруге септігін тигізеді