Қоғам

ABAY ACADEMIYASY: Абай мұрасын цифрландырудағы жаңа кезең

*ABAY ACADEMIYASY: Абай мұрасын цифрландырудағы жаңа кезең*

2025 жылғы 1 тамыз күні Семей қаласында ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «ABAY ACADEMIYASY» энциклопедиялық порталының ресми ашылуы өтті.

Салтанатты шара М. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Ес-Аймақ» орталығында ұйымдастырылып, оған еліміздің белді ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, ІТ-мамандар мен студент жастар қатысты.

ABAY ACADEMIYASY — Абайдың әдеби, ғылыми, философиялық және музыкалық мұрасын бірегей жүйемен біріктірген заманауи цифрлық платформа. Бұл портал — ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығын халықаралық деңгейде танытуға бағытталған кешенді бастама.

Порталдың басты ерекшеліктері: Ашық қолжетімділік, Кешенді мазмұн (Абай шығармаларының толық мәтіндері, зерттеу мақалалар, өмірбаяны, деректі құжаттар, аудио және бейнемұрағаттар), Пікірталас және ғылыми талдау алаңы, үштілді интерфейс: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейтін портал отандық қана емес, шетелдік оқырманға да ыңғайлы етіп жасалған.

Жаңа платформаның басты мақсаты — Абай мұрасын цифрландыру арқылы ұрпаққа қолжетімді ету, жас зерттеушілер мен шығармашылық ортаға қолдау көрсету, абайтану ғылымын жаңа деңгейге көтеру. Бұл тек мәдени немесе ғылыми жоба емес — ұлттық сананы жаңғыртудың, тарихи мұраны ұлықтаудың жарқын көрінісі.

ABAY ACADEMIYASY — бұл тек портал емес. Бұл — мәдени сананың цифрлық жаңғыруы, ұлттық мұраны ұрпақпен байланыстыратын алтын көпір, ғылым мен өнердің заманауи синтезі.

TuraNews

Back to top button