БастыТуризм

Ыстанбұлдан Ташкентке бағыт алған ұшақ бортында сәби дүниеге келді

Түркияның Ыстанбұл қаласынан Өзбекстан астанасына бағыт алған Uzbekistan Airways әуекомпаниясына тиесілі ұшақ бортында сәби дүние есігін ашты.

Компанияның мәліметіне сай, ұшу барысында әйел толғата бастаған. Қуанышқа орай, жолаушылар арасында болған екі дәрігер оған дер кезінде медициналық көмек көрсетті.

Кейін экипаж мүшелері әуе кемесін Өзбекстанның Хорезм облысына қарасты Үргеніш қаласының әуежайына қондырды. Тиісінше, ол жерде күтіп тұрған медицина қызметкерлері босанған ананы сәбиімен бірге жергілікті перзентханаға жеткізді. Үргенішке бірер сағат аялдаған ұшақ кейін Ташкентке бет алды.

 

 

 

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button