
2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен аты аңызға айналған боксшы Геннадий Головкиннің өзіне қол шапалақтап тұрған сәтін жариялады, деп жазады Bassport.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода зал толы көрермен Назым Қызайбайдың жеңісіне зор қошемет көрсетіп жатқаны бейнеленген. Қол соғып тұрғандардың арасында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин де бар.
– Президент пен Геннадий Головкиннің қол шапалақтауы – мен үшін үлкен мәртебе, – деп жазады спортшы.
Еске сала кетейік, биыл Астанада өткен бокстан Әлем кубогы кезінде Геннадий Головкин Назым Қызайбайға ерекше қолдау білдіріп, рингке шыққан сәтте құшақтап қарсы алған еді.