Басты
Шекидегі XIV «Жібек жолы» халықаралық музыка фестивалі өз мәресіне жетті
Әзербайжанның ежелгі өнер және мәдениет орталықтарының бірі Шекиде «Қала күні» жыл сайын мерекелік шаралармен тойланады.

ТҮРКСОЙ, Әзербайжан Мәдениет министрлігі, Әзербайжан Композиторлар одағы және Шеки губернаторлығы бірлесіп ұйымдастырған Шекидегі XIV «Жібек жолы» халықаралық музыка фестивалі жабылу концертімен аяқталды.
Үш күнге созылған фестивальде музыка сүйер қауым, қала тұрғындары мен қала қонақтары Түркия, Қытай Халық Республикасы, Әзербайжан елдерінің белгілі музыкалық ұжымдары мен талантты өнерпаздарының концерттерін тамашалады.
Шекінің өнер сүйер қауымы «Жоғарғы керуен сарай», Гейдар Әлиев орталығы және «Мархал» ашық аспан астындағы театр сияқты қаланың түкпір түкпірінде өткен іс-шараларға үлкен қызығушылық танытты.