Қоғам

Ұлытаулық журналист Жаннұр Тілемісова мемлекеттік марапатқа ие болды

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ұлытаулық «Сарыарқа» газетінің бас редакторы, тәжірибелі журналист Жаннұр Тілемісова Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.

Бұл марапат – өңірлік журналистиканың дамуына сүбелі үлес қосып, елдің шынайы үнін жеткізуден еш таймай келе жатқан кәсіби қаламгердің еңбегінің жоғары бағаланғаны.

Жаннұр Төлендіқызының ұлт мүддесін көздеген, оқырман санасын серпілткен әрбір материалы – елдік ойдың айнасы, уақыт шежіресі болып табылады.

Ұлытау облысы әкімдігі Жаннұр Тілемісованы осы жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен зор денсаулық тіледі.

 

TuraNews

Back to top button