ӘлемБастыСаясат

Иран Израильмен атысты тоқтату режимі күшіне енгенін мәлімдеді

Иран тарапынан атысты тоқтату режимі күшіне енді.

«Атысты тоқтату Иранның Израиль басып алған аумақтарға төрт рет шабуыл жасауынан кейін басталды», — деп хабарлайды Press TV.

Бұған дейін Трамп Израиль мен Иран арасында атыстың толық тоқтатылғанын жариялаған болатын. Келісім АҚШ пен Қатардың бірлескен делдалдығының нәтижесі болды.

Еске сала кетсек, 13 маусымға қараған түні Израильдің әскери-әуе күштері Иранға соққы жасады. Тегеранда жарылыстардың дыбысы естілді. Израиль төтенше жағдай режимін жариялап, өзінің әуе кеңістігін жапты. Иран Израиль соққысынан жоғары әскери қолбасшылары мен жетекші ғалымдары қаза тапқанын растады.

Жауап ретінде Иран Израиль бағытына 100-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын (дрон) жіберді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық инфрақұрылымына қарсы жүргізілген «өте сәтті» әскери операция туралы мәлімдеді.

 

 

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button