
Полиция қызметкері болу — әр күні жаңа сынақтарға қарсы тұру, адамдарды қорғау, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау деген сөз. Бұл қызмет жоғары кәсібилікті ғана емес, батылдықты, адалдықты әрі рухани күшті талап етеді.
Кез келген сәтте көмекке келуге дайын тұратын барлық полиция қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Әр тәртіп сақшысының ауысымы тыныш әрі қауіпсіз өтсін деп тілейміз. Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт, амандық, жақындарыңыз бен әріптестеріңіздің қолдауын тілейміз!