
Анадолу агенттігінің хабарлауынша, Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс аясында Түркия шекарасын заңсыз кесіп өту әрекеттерінің артқаны әзірге байқалмайды. Бұл туралы Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Зеки Актюрк апта сайынғы брифингте мәлімдеді.
Ол Түркия Қарулы күштері көші-қон қозғалыстары болуы мүмкін деген қауіпке байланысты барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдап жатқанын атап өтті.
Спикердің айтуынша, соңғы бір аптада Түркия шекарашылары 122 адамды ұстаған, олардың ішінде террористік ұйымдарға қатысы бар 2 адам анықталған. Ал жыл басынан бері ұсталғандар саны 2681 адамға жеткен.