Қоғам

Астанада 50-ге жуық бизнес иелері жетекші сарапшылардан білім алды

Қазақстандағы заманауи бизнеске идеялар ғана емес, өсу үшін нақты құралдар да қажет. Астанада Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен Shell компаниясының қолдауымен өткен Shell LiveWIRE бизнес-конференциясының аудиториясына дәл осындай маңызды ой жеткізілді.

Астанада өткен конференция кәсіпкерлерге бизнестегі тәжірибелі мамандардан жинақы әрі мазмұнды білім алуға, бизнесті қалай масштабтау керек, мықты брендті қалай қалыптастыру және командамен тиімді жұмыс істеу жолдарын түсінуге мүмкіндік берді. Сарапшылардың баяндамаларын, тікелей қарым-қатынасты және нақты кейстерді біріктірген формат белсенді даму кезеңінде жүрген кәсіпкерлер үшін ерекше құнды болды.

Іс-шараның басты құндылығы – Қазақстанда тұрақты экономиканы дамыту мен жұмыс орындарын ашуда маңызды рөл атқарып отырған шағын және орта бизнесті нақты қолдау болып табылады. Бір күннің ішінде 50-ге жуық шағын және орта бизнес иелері мен басшылар тәжірибелі мамандардан нақты инсайттар алып, сұрақ-жауап сессияларына қатысып, тұрақсыз нарық жағдайында бизнесті жаңа деңгейге қалай шығару керектігін талқылады.

Shell LiveWIRE – бұл Қазақстанда 2018 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан шағын және орта бизнесті қаржылық емес тұрғыда қолдауға арналған платформа. Бағдарлама кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, экономиканы әртараптандыруға және тұрақты іскерлік орта қалыптастыруға бағытталған. Конференция қатысушылары бизнесті масштабтау, стратегиялық бренд-менеджменттің практикалық құралдарына, сондай-ақ X, Y және Z ұрпақтарымен жұмыс істеу бойынша инсайттарға қол жеткізді.

«Қазақстанның батыс өңірлерінде шағын және орта бизнесті қолдау – тұрақты және инклюзивті экономика құру жөніндегі стратегиямыздың маңызды бөлігі. ЕҚДБ-мен бірлесіп жүзеге асырылатын Shell LiveWIRE бағдарламасы арқылы біз кәсіпкерлерге негізгі дағдыларын дамытуға, инновацияларды енгізуге және үнемі өзгеріп отыратын нарық жағдайларына бейімделуге көмектесеміз» — деп Шелл Қазақстан компаниясының корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры Айгүл Барменқұлова түсіндірді

Бағдарлама 8 жыл ішінде 2600-ден астам қазақстандық кәсіпкерге қолдау көрсеткенін атап өткен жөн. Тек 2024 жылы Shell LiveWIRE бизнес акселерациясынан 122 қатысушы өтті, олар елдің түкпір-түкпірінен келген 23 тәлімгер мен сарапшылардан оқыту мен жеке консультациялар алды.

Shell LiveWIRE бағдарламасы тек білім беру бастамасы ғана болып табылмайды, сонымен қатар кәсіпкерлік нарығын жүйелі түрде дамытады. Бұл ретте консультациялық көрсетілетін қызметтер мен басқа да қаржылық емес қолдау құралдарын ұсыну арқылы олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жоғары өсім әлеуеті бар шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше назар аудару қажет.

Қосымша ақпарат

ШЕЛЛ компаниясы туралы

«Шелл» — энергетика және мұнайхимия саласындағы компанияларды біріктіретін халықаралық концерн, оның штаб-пәтері Ұлыбританияның Лондон қаласында орналасқан.

Қазіргі уақытта «Шелл» Қазақстан экономикасына ең ірі шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады. «Шелл» концерні мынадай жобаларға қатысады: Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (ӨБК) (қатысу үлесі 16.81%), Қарашығанақ кен орнының өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім (қатысу үлесі — 29.25%).

Shell LiveWIRE шағын және орта бизнес секторының кәсіпкерлерін қолдау жөніндегі ғаламдық флагмандық бағдарламасы қазіргі уақытта әлемнің 20 елінде жұмыс істейді. 2018 жылдан бастап бағдарлама жергілікті кәсіпорындарға қосымша мүмкіндіктер бере отырып, ҚР аумағында жұмысын бастады. Толығырақ ақпаратты мынадай сайттардан табуға болады:

www.shell.com 

www.shell-livewire.com

ЕҚДБ  туралы

Қазақстан Республикасында 2001 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ЕҚДБ-ның «Шағын бизнеске арналған консультациялар» бағдарламасы шығыстарды бөлу қағидаты негізінде жергілікті және халықаралық консультанттарды тарта отырып, микро, шағын және орта кәсіпорындарға (МШОК) консультациялық қызметтер алуға көмектеседі. Қазіргі таңда 3000-нан астам консультациялық жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар, ЕҚДБ Қазақстанда МШОК-ты қолдаудың өміршең және өзін-өзі қамтамасыз ететін инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында консалтинг нарығын жүйелі түрде дамыту жұмыстарын жүргізуде.

«Шелл Қазақстан» 2013 жылы Қазақстандағы Ерікті әлеуметтік инвестициялар аясында бағдарламаның жеке донорларының бірі болды. ЕҚДБ мен Шеллдің бірлескен жұмысының басты мақсаты өңір экономикасын әртараптандыру, жергілікті тұрғындардың мұнай-газ секторына тәуелділігін азайту, кәсіпкерлік дағдыларын дамыту және бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды өсіру болып табылады.

https://www.ebrd.com/home/what-we-do/products-and-services/support-for-start-ups-and-msmes.html

https://facebook.com/ebrdkazakhstan

TuraNews

Back to top button