Қоғам
Ұлытауда есірткі тасымалына тосқауыл қойылды
Осы жылғы мамыр айында Ұлытау облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен өңірге есірткі жеткізу және өткізу арнасының жолы кесілді.

Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен 4 Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Тінту барысында шамамен 60 кг марихуана табылып, тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.