Қоғам

Сәтбаев қаласына жаңа үлгідегі 187 евроконтейнер орнатылды

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласына тұрмыстық қалдықтарды шығару жүйесін жаңғырту аясында қақпағы бар, мырышпен қапталған 187 евроконтейнер жеткізілді. 

Бұл отандық өнімдер ескі контейнерлердің орнын басады және оларды орнату жақын арада басталады, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Жаңа контейнерлердің пайдалану ыңғайлылығы жоғары, әрі қақпақпен жабдықталған, бұл – қала жағдайында аса өзекті. Өнім сапасы мен беріктігіне ерекше назар аударылған: мырышталған қаптама оларды коррозиядан қорғайды және ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік береді.

Контейнерлерді қолдану қалдықтарды жинау мен шығару процесін айтарлықтай жеңілдетеді – бұл әрі қалалық санитарлық қызметке, әрі қала тұрғындарына тиімді.

Контейнерлерді ауыстыру аулалар мен іргелес аумақтардың санитарлық жағдайын жақсартады, сондай-ақ ашық кеңістіктегі қоқыс пен жағымсыз иістердің таралуын азайтады.

Жаңа контейнерлерді орнату жұмыстары басталып кетті және жақын арада толық аяқталады.

TuraNews

Back to top button