Астанада Shell LiveWIRE бизнес-конференциясы өтеді: ШОБ иелері жетекші сарапшылардан білім алады

17 маусым күні Астана қаласында Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Shell компаниясымен бірлесіп ұйымдастырған Shell LiveWIRE бизнес-конференциясы өтеді. Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен шамамен 50-ге жуық кәсіпкер, шағын және орта бизнес иелері мен басшылары қатысады деп күтілуде.
Конференция аясында қатысушылар бизнесті масштабтаудың практикалық құралдарына қол жеткізіп, бренд-менеджменттегі стратегиялық тәсілдермен танысады, сондай-ақ Х, Y және Z ұрпақтары тұрғысынан командаларды басқаруға қатысты инсайттар алады.
Қатысушылармен өз білімдері және жеке тәжірибелерімен:
- Nәtige компаниялар тобының негізін қалаушы және Бас директоры – Ерлан Әшім;
- Брендинг саласындағы сарапшы және «Appazov» брендинг агенттігінің негізін қалаушы – Станислав Аппазов;
- Beeline және Big4-де тәжірибесі бар жетекші HR сарапшысы, топ-менеджер – Сауле Молданажанова;
- CEO және «Clockster» IT компаниясының негізін қалаушы, өңірдегі HRTech бағыттарының көшбасшысы – Ержан Рыскали бөліседі.
Іс-шараның модераторы – белгілі журналист, тележүргізуші және блогер Арай Әлімхан болады.
Астанада өтетін конференция кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған Shell LiveWIRE бағдарламасын масштабтаудың қисынды жалғасы болмақ. 2024 жылы бағдарлама бойынша акселерация өткізілді, оның нәтижесінде 122 кәсіпкер өз бизнесін дамыту жоспарын әзірледі. Олармен 23 сарапшы-консультанттар, тәлімгерлер және жаттықтырушылар жұмыс істеп, жеке қолдау көрсетті.
Өткізілетін күні мен орны:
2025 жылғы 17 маусым
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 59, Triumph Space,
Аккредиттеу және БАҚ сұраулары үшін байланыстар:
PR-менеджер Айнұр Оспанқызы
+7 771 777 3331