Анталия – сериал арқылы әлемді бағындыруға дайын
Түркия туризмді насихаттаудың тың жолын ұсынды — “Antalya Gambit” атты алғашқы оригиналды мини-сериал жарық көрді. Аталмыш сериал арқылы Түруия Жерорта теңізінің жағасында орналасқан Анталияны әлемдік көрермендерге жаңа қырынан таныстыруды көздеп отыр.
Жаңа сериалдың тұсаукесері 7 маусымда GoTürkiye ресми YouTube аккаунтында өтті. Он бөлімнен тұратын екі минуттық эпизодтар Анталияның көркем жағалауларында өрбитін жұмбақ оқиғалар мен романтикалық желіні біріктіреді.
Басты рөлдерде – танымал түрік актерлері Мерьем Узерли (Ғаламат ғасыр) мен Каан Урганжиоғлу (Қара махаббат). Олар ойнайтын кейіпкерлер – Лара мен Дениз – қымбат курорт жағалауында кездейсоқ жолығып, кейін өнер туындыларына арналған қауіпті аукцион төңірегінде бір-біріне сенім мен күмән арасында күрделі ойын жүргізеді.

Сериалда Анталияның түрлі қырлары ерекше көрініс табады:
- Тарихи Калеичі шаһар орталығы — көне мен қазіргі заманның үйлесімі;
- Перге мен Фазелис антикалық қалалары — ежелгі өркениеттерге саяхат;
- Порто Дженевиз шығанағы — оқшау тыныштық пен көгілдір су айдыны;
- Белек — элиталық гольф пен сәнді демалыстың мекені.
Бұл көріністердің барлығы Жерорта теңізінің шуақты күндерімен, бай мәдени мұрасымен және заманауи туризм мүмкіндіктерімен ұштасады.
Айта кетейік, “Antalya Gambit” атты мини-сериал Түркияның туризм саласын жарнамалаудың шығармашылық тәсілі ретінде ұсынылып жатыр.