Қоғам
Астана әуежайында Түркия азаматы қамалды
Астанадағы әуежайда Түркия азаматы тыйым салынған заттардың бар екені туралы жалған хабар бергені үшін ұсталды.

Астанада Түркия азаматы жалған ақпарат бергені үшін ұсталды, деп хабарлайды Көліктегі Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның Instagram желісінде жариялаған мәліметіне сүйенсек,
Астана әуежайында 47 жастағы Түркия азаматы өзімен бірге тыйым салынған заттар бар деп әзілдей салған.
«Ақпарат расталмағанымен, бұл тіркеу процесін тоқтатып, жолаушыларды алаңдатты. Ер адам 15 тәулікке қамалды», — делінген хабарламада.
Полицейлер жолаушыларға қауіпсіздікке қатысты әзіл – жауапкершілікке әкелетін әрекет екенін ескертеді.