Қоғам

“Қауіпсіз жол” ЖПІШ барысында дрон арқылы екі құқық бұзушылық анықталды

ШҚО аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды анықтау мақсатында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Іс-шара аясында өңірдегі апатты-қауіпті жол учаскелеріне ерекше назар аударылуда. Профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары мен «Кибершериф» борттық кешені белсенді түрде қолданылуда, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Дрондар жол жүрісі қағидаларын бұзғандарды анықтап, жақын маңдағы патрульдік полиция жасақтары дереу әрекет етіп, бұзушыларға қатысты шаралар қабылдайды. Ал «Кибершериф» кешені бейнежазба жүргізіп, көлік құралдарының жылдамдығын өлшейді, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алыстан анықтап, іздеуде жүрген көліктерді де тануға қабілетті.

Ағымдағы жылдың басынан бері дрондар арқылы 10-ға жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталса, оның екеуі «Қауіпсіз жол» іс-шарасы кезінде тіркелген.

Рейд барысында Өскемен–Риддер автожолының бір бөлігінде дрон екі жүргізушінің тыйым салынған жерде қарсы жолаққа шығып, қауіпті маневр жасағанын тіркеді. Аталған ереже бұзушылықтарды Haval және Subaru көліктерінің жүргізушілері жасаған.

Олардың әрқайсысына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды. Жүргізушілерге 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылу жазасы күтіп тұр.

Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігі!

«Қауіпсіз ел» жобасы — бұл жаңа сын-қатерлер мен қауіпсіздік қауіптеріне бейімделе алатын серпінді және үздіксіз дамып отыратын механизм. Алдағы уақытта ұлттық жоба аясында мынадай жұмыстарды іске асыру жоспарланып отыр:

Жаңа технологиялар мен әдістерді қолдана отырып, құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру.

  • Көлік және коммуникация саласындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру.
  • Қауіпсіздік саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту.Халық арасында қауіпсіздік
  • техникасы бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Жалпы, «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы — еліміздің дамуы үшін қауіпсіз және тұрақты ортаны құруға, сондай-ақ азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық бастама. Жобаны іске асыру заманауи сын-қатерлерді ескеретін кешенді тәсілге негізделген. «Қауіпсіз ел» жобасының міндеттерін сәтті шешу — Қазақстанның ұлттық басымдықтары мен стратегиялық даму мақсаттарына жетудің аса маңызды кепілі болып табылады.

TuraNews

Back to top button