Әлем
Макрон әйелімен болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді
Франция президенті Эмманюэль Макрон Вьетнам сапары кезінде әйелі Брижиттің өзіне қол көтерген оқиғасына қатысты жағдайды түсіндірді.
Оқиға президент ұшағының есігі ашылған сәтте болған. Видеода Брижит Макронның бетінен жеңіл шапалақпен ұрғаны көрінеді. Бірнеше сәттен соң президент пен бірінші ханым ұшақтан сабырлы түрде түседі.
Елисей сарайы бұл жағдайды «жай ғана әзіл» деп мәлімдеді. Ресми өкілдердің айтуынша, бұл олардың ресми іс-шара алдында «тыныштану тәсілі» болған.
Liberation басылымының хабарлауынша, Елисей сарайы бұл оқиғаны «конспирация теорияшылдарының назарын аударуға тұрарлық жағдай емес» деп санайды.