Қоғам
ШҚО-да 1,4 млн теңгеге 25 айыппұлы бар жүргізуші ұсталды
Өскеменде «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері белгіленген тәртіппен тіркелмеген транзиттік нөмірлері бар «Toyota» маркалы автокөлікті анықтаған.

Тексеру барысында көлік тізгінінде 24 жастағы жүргізуші отырғаны белгілі болды. Оның атына жалпы сомасы 1 400 000 теңгені құрайтын 25 төленбеген айыппұл тіркелген.
Барлық құқықбұзушылықтар жылдамдықты арттырумен байланысты болып, «Мерген» автоматты тіркеу камералары арқылы тіркелген.
Жиналған материал сотқа жолданып, автокөлік қарыз толық өтелгенге дейін айып тұрағына қойылды. Сонымен қатар, жүргізуші көлік құралын тіркеусіз басқарғаны үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.