Жезқазғанда «Отбасылық сурет көрмесі» өтті
2025 жылғы 22 мамырда Жезқазған қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектепте «Отбасылық сурет көрмесі» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – балалардың шығармашылық қабілетін дамыту және отбасылық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Көрмеге бастауыш және орта буын оқушылары қатысып, өз отбасыларына деген сүйіспеншілігін, бірлік пен татулықты сурет арқылы бейнеледі. Балалар салған суреттерден әр отбасының өзіндік ерекшелігі мен жылулығы айқын көрінді. Жұмыстарда ата-анаға деген қамқорлық, бауырмалдық және отбасылық дәстүрлер кеңінен көрініс тапты.
Іс-шара барысында қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар мұндай тәрбиелік мәні бар шаралар балалар бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
«Отбасы – әр адамның тірегі мен қуат көзі. Осындай көрмелер арқылы біз жас ұрпақтың жүрегіне осы құндылықтарды сіңіреміз», – деді ұйымдастырушылардың бірі.
Көрме мектеп ұжымының қолдауымен жылы әрі мазмұнды жағдайда өтті.