БастыМәдениет

Шеки қаласында Бахтияр Вахабзаденің 100 жылдық еске алу кеші өтті

ТҮРКСОЙ тарапынан 2025 жыл “Бахтияр Вахабзаде еске алу жылы” болып жарияланған болатын. Осыған орай, ұлы әзербайжан ақыны және ойшылы Бахтияр Вахабзаде туғанына 100 жыл толуына байланысты Әзербайжанның Шеки қаласында еске алу кеші өтті.

Халықаралық Махмұт Қашқари Қоғамы мен Академиясы және Әзербайжан Ұлттық Ғылымдар Академиясының бірлесуімен өткен бұл іс-шарада Вахабзаденің әдеби мұрасы мен түркі әлеміне қосқан зор үлесі тағы да бір мәрте айтылды. Қатысушылар Гейдар Әлиев Мәдениет орталығында бас қосып, Әзербайжан тарихына қатысты жәдігерлер мен түркі әлемі суретшілерінің шығармалары қойылған көрмені тамашалады, деп жазады ТҮРКСОЙ ұйымыныңы баспасөз қызметі.

Бағдарламада сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ Бас хатшысы, Қырғызстанның халық жазушысы Сұлтан Раев ұлы ақынның тек Әзербайжан әдебиетінің емес, күллі түркі әлемінің ортақ құндылығы екенін атап өтті. Раев Бахтияр Вахабзаде шығармаларында тек  сезім ғана емес, ұлттың ортақ тағдыры, рухы мен қайсарлығы көрініс табатынын айтты.

«Оның әрбір өлеңінің әрбір әрпі – Отанға деген махаббатты суреттейді»

«Әр ұлттың тағдырын өлеңге айналдырып, рухын шумақтарына сыйғыза білетін ақындары болады. Бахтияр Вахабзаденің әрбір өлеңі, әрбір жолы, үтірі, нүктесі, тіпті үнсіз әріптері де – Отан мен ұлтқа деген сүйіспеншілікті жырлайды. Ол қаламын тек жазу үшін емес, халқының үні болу үшін қолданды», — деді ол.

Вахабзаденің бұл үні тек өз халқының ғана емес, ана жүрегінің, бала үмітінің, отбасы жылулығының да үні. Оның қаламынан туған жолдар жеке қайғының ұлт жадына қалай айналатынын көрсетеді. Міне, соған дәлел болатын шумақтары:

«Анам, сені ешкім ренжіткен жоқ,
Мен сені
Мен сені ренжіткенімдей ешкім ренжіткен жоқ.
Енді кімге айтсам қайғымды
кім менің қайғыма сендей ортақтаса алар?
Үйдің әр бұрышында сенің ізің
Сені іздейді, ана, ей ана»…

Бұл өлең тек жеке сағыныштың көрінісі ғана емес, бүкіл ұлттың Ана жүрегіне деген терең құрметінің символы”, — деді ол.

Раев өз сөзінде ТҮРКСОЙ ұйымының Вахабзаденің әдеби мұрасын түркі әлемінің ортақ жадысында сақтау мақсатында атқарып жатқан жұмыстарын да атап өтіп, ақын шығармаларының басқа түркі тілдеріне аударылып, кең аудиторияға жететінін жеткізді.

«Түркі әлемі өрісінің ой алыбы»

«Бахтияр Вахабзаде тек заманауи Әзербайжан әдебиетінің ғана емес, күллі түркі әлемінің мақтанышы. Ол – өнер мен ойдың биік шыңы. Біз ТҮРКСОЙ ретінде оның идеялық мұрасын ұрпақ санасында жаңғыртып, түркі әлемінің ортақ жадында сақтап қалу үшін жұмысымызды жалғастыра береміз», — деді ол.

Іс-шара аясында, сондай-ақ, түркі әлемі мәдениеті мен өнеріне қосқан үлестері үшін бірқатар тұлғаларға марапаттар табыс етілді:

  • Әзербайжан Ұлттық мәжілісінің мүшесі және ғалым Жаваншир Фейзиге – ТҮРКСОЙ Алтын медалі және Құрмет ордені,
  • Әзербайжан Ұлттық Ғылым Академиясы Насими атындағы Тіл білімі институтының директоры, профессор Надир Мәммедлиге – ТҮРКСОЙ медалі,
  • Доцент, доктор Хаяле Зәррабқызына – Алғыс хат табыс етілді.

TuraNews

Back to top button