Басты
Ұлытау облысында шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде
Биыл саяқ шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 17 220 гектар аумақта жүргізіледі дее жоспарлануда.

Оның ішінде, Ұлытау ауданы — 9 870 гектар, Жаңаарқа ауданы – 5 030 гектар, Қаражал – 2 320 гектар.
Жаңаарқа ауданы мен Қаражал қаласында 7 350 гектар аумақ жеңіл әуе көлігі арқылы тазартылса, Ұлытау ауданының 4 830 гектар жері жеңіл әуе және 5 040 гектары жер үсті көлігімен өңделеді.
Қазіргі таңда Ұлытау ауданына қарасты Мибұлақ ауылдық округінде саяқ шегірткелер қоныстанғаны анықталып, 1300 гектар шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері өңделді.