Мәдениет

Жезқазғанда Қадер Маткеновты еске алуға арналған республикалық турнир өтті

2025 жылдың 17-18 мамыр күндері Жезқазған қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында VI республикалық турнир өтті.

Турнир Жезқазған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, Ұлытау спорт сарайында өтті, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Аталған іс-шара «Жезқазғантүстіметалл» АҚ және Қарсақпай мыс қорыту зауытының директоры, Ұлытау және Жезді аудандарының құрметті азаматы, КСРО-ға еңбегі сіңген металлургі, КСРО мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Қадер Маткеновтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында ұйымдастырылды.

Турнирге республиканың 10 облысынан 250-ге жуық жас палуан қатысты. Қатысушылар өздерінің күш-жігері мен шеберліктерін көрсетті.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен, арнайы естелік медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

TuraNews

Back to top button