
Ұлттық медициналық орталық заманауи нейрохирургиялық робот — «B Remebot» көмегімен Өзбекстандағы алғашқы бас миы биопсиясы сәтті өтті, деп хабарлайды «ӨзА».
Бұл инновациялық технология арқылы операция жоғары дәлдікпен, науқастың денсаулығына ең аз қауіппен жасалды. Робот талдау үшін ми тінінің үлгілерін дәл және қауіпсіз алуға мүмкіндік берді.
Орталық мамандарының айтуынша, «B Remebot» роботы енді ми ісіктерін анықтап, алып тастай алады, эпилепсия мен Паркинсон ауруын емдей алады, ми қан тамырлары аурулары, жарақаттар, күрделі диагноздар қоя алады. Бұл — нейрохирургия саласындағы алға жасалған үлкен қадам және пациенттер үшін жаңа мүмкіндік.
Еске сала кетейік, Өзбекстан медициналық қалдықтан жылу энергиясын өндірмек.