Экономика

Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

2024 жылдың 12 мамырынан бастап Қазақстанда алғаш ретөнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық жабдық сатып алуға жұмсалған шығындарын өтеу тетігі іске қосылды.

Өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар жұмсаған қаражаттарының 40 пайызына дейін қайтарып алуға мүмкіндік алды.

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорторталығы» АҚ аталмыш қолдау тетігінің бір жылдағы нәтижесін жариялады.

«Шығындарды өтеудің жаңа тетігі іске қосылған сәттен бастап бір жыл ішінде біздің орталық 1,1 миллиард теңгеге кәсіпорындардың технологиялық жабдық сатып алуға жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеді», –деп хабарлады «QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясы.

Кәсіпорындар 3D-сканерлер, 3D-принтерлер және кеңформатты принтерлер сияқты заманауи цифрлық шешімдермен қоса, технологиялық жабдықты сатып алуға жұмсаған шығындарының 40%-ын (бірақ 60 миллион теңгеденаспайтын) өтеуге мүмкіндігі бар.

Жаңа қолдау шарасын пайдаланған кәсіпорындар қатарында Алматы желдеткіш зауыты, «Майами Solar», «ANNC Construction», «Мехлитком»,«Barys E&T», «Temir SAK» және басқа да компаниялар бар.

Мысалы, фиброцементті қасбеттік тақталар өндіруге маманданған ANNC Construction зауытынаQazIndustry бояу желісін сатып алу шығындарының бір бөлігін өтеді. 44 миллион теңге көлеміндегі өтемақы кәсіпорынға өндірісті одан әрі жаңғыртуға және өнімнің өзіндік құнын едәуір төмендетуге мүмкіндік берді.

Мемлекеттік ынталандыру шараларының шарттарымен келесі
сілтеме арқылы танысуға болады — https://qazindustry.gov.kz/ru/business_support және әр сейсенбі, бейсенбі күндері QazIndustry ғимаратында (Астана қаласы,Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогында) өтететін Ашық есік күндеріне келу
арқылы білуге болады.

Анықтама телефоны: +7 (7172) 79 33 99(ішкі 444).

TuraNews

Back to top button