Мәдениет

«SHOWMEN FEST 2025» облыстық фестивалі

2025 жылғы 13 мамырда креативті индустрияны дамыту аясында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы алаңында шоумендер мен іс-шара жүргізушілеріне арналған ауқымды «SHOWMEN FEST 2025» облыстық фестивалі өтеді.

Фестивальдің басты мақсаты – қоғам алдында сөйлеу мәдениетін арттыру, жүргізуші кәсібін танымал ету, жүргізушілік өнерді дамыту және талантты мамандарға жаңа мүмкіндіктер ұсыну. Бұл салтанатты іс-шаралар жүргізушілерін, шоумендерді және event-индустриясының өкілдерін біріктіретін ауқымды шара, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Іс-шара барысында қатысушылар үшін шеберлік сабақтары, шоу-бағдарлама, интерактивті аймақтар және төрт кезеңнен тұратын байқау бағдарламасы ұйымдастырылады. Қазылар алқасы қатысушылардың әртістік қабілеті мен кәсіби шеберлігін бағалап, үздіктерді анықтайды.

Фестивальдің хедлайнері – кәсіби жүргізуші, «Меховая 8/1» тобының солисі, актер, әзілкеш Қабдол Тілеков.

Сондай-ақ Айбат Никулин және Данияр Батырбаев сынды event-саласының сарапшылары шеберлік сабақтарын өткізеді.

Ақпарат үшін жауапты: Нурлан ‪‪+7 777 118 0701

TuraNews

Back to top button