Әлем

Израильдің Газаға жасаған әуе шабуылынан 18 адам қаза тапты

Израиль армиясының Газа секторының әртүрлі аймақтарына, соның ішінде босқын палестиналықтардың паналаған мектебіне қайта-қайта шабуылы салдарынан 18 адам қаза тапты,

Анадолу агенттігінің Палестина медициналық дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Израиль күштері Газа секторының солтүстігіндегі босқындарды паналатқан Фатима бинт Асад атындағы мектепке соққы жасаған. Израиль әскери ұшақтары ғимаратқа екі мәрте шабуыл жасап, 16 адамның, оның ішінде әйелдер мен балалардың өмірін қиған.

Куәгерлердің хабарлауынша, Израиль күштері Газаның шығысындағы Туффах аймағындағы бірнеше ғимаратты ауыр атқылау арқылы қиратты.

Сонымен қатар, Израильдің ұшқышсыз ұшағы Газа секторының орталығындағы Нусейрат палестиналық босқындар лагеріндегі Хаммад әл-Хасаната мешітінің жанындағы аймаққа шабуыл жасап, жас қызды өлтірді.

Сондай-ақ бірнеше күн бұрын Бурейдж лагеріндегі Абу Хамис мектебін атқылау кезінде жараланған палестиналық алған жарақатынан қайтыс болды.

Еске сала кетейік, Газада 1500-ге жуық палестиналық көру қабілетінен айырылған.

 

 

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button