Білімге жасалған қамқорлық: Қызылордада жаңа мектеп-интернат салынуда
Қызылорда қаласында дарынды оқушыларға арналған Физика-математика бағытындағы мектеп-интернаттың құрылысы аяқталуға жақын.

Бұл — білім саласына жасалып жатқан үлкен қадам әрі өскелең ұрпаққа деген зор қамқорлықтың нақты көрінісі, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Жаңа оқу ордасының ашылуы облыс оқушыларына сапалы білім алуға, ғылыми ізденіспен айналысуға және жоғары білім беру мекемелеріне сәтті түсуге мол мүмкіндік береді. Әсіресе ауылдан шыққан, талантты жастар үшін бұл мектеп үлкен арманның бастауы болмақ.
Мектеп-интернаттың заманауи зертханалармен, оқу сыныптарымен және жатақханамен қамтамасыз етілуі — мемлекет тарапынан білім саласына бөлініп жатқан қолдаудың айғағы. Бұл- оқушылардың жайлы әрі сапалы білім алуы үшін жасалған жағдай.
Жалпы, мұндай білім беру нысандары — еліміздің интеллектуалдық әлеуетін арттыру жолындағы маңызды инвестиция. Бұл тек құрылыс емес, бұл — болашаққа салынған даңғыл.