ҚоғамСаясат

Қазақстанның гендерлік теңдікті ілгерілетудегі жетістіктері Вена қаласында ЕҚЫҰ конференциясында ұсынылды

ЕҚЫҰ-ның «Инклюзивтілік және құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейту арқылы тұрақтылықты құру» конференциясына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Алуа Надирқұлова қатысып, Қазақстанның гендерлік теңдік пен адам құқықтарын ілгерілетудегі күш-жігерін таныстырды.

Елші өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан демократиялық реформалардың қайтымсыздығын және олардың ЕҚЫҰ, Еуропалық Одақ және Еуропа кеңесін қоса алғанда, халықаралық серіктестер тарапынан қолдауын атап өтті.

Негізгі жетістіктердің қатарында – 2023 жылы БҰҰ ұсынымдарына сәйкес әзірленген Адам құқықтары мен заң үстемдігі жөніндегі іс-қимыл жоспарының бекітілуі, 2024 жылы әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі, сондай-ақ 2025 жылғы наурызда Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарының қабылдануы атап өтуге тұрарлық. Сонымен қатар Мадина Жарбосынованың 2025-2028 жылдарға Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі БҰҰ комитетіне (CEDAW) сайлануы өңір үшін маңызды қадам болды.

Сонымен қатар Н.Надирқұлова Қазақстанның Стамбул конвенциясына қосылуға дайындықты, БҰҰ-ның мүгедек балалар мен адамдардың құқықтары жөніндегі хаттамаларын ратификациялауды, сондай-ақ «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» күн тәртібіне белсенді қатысуды қоса алғанда, халықаралық міндеттемелерге бейілділігін атап өтті (БҰҰ ҚК 1325 қарары).

 

TuraNews

Back to top button